Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дональд Трампқа тағы қастандық жасалмақ болды

09:13, 16 қыркүйек 2024 139

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа тағы да қастандық жасалды, деп хабарлайды Alash.KZ сайты inbusiness.kz сайтына сілтеп.

New York Post басылымы таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-тың құпия қызметі Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичтегі өзінің гольф-клубынан шығып бара жатқан кезде Дональд Трамптың жанында атыс болғанын байқаған.

Трамп оның маңайында болған атыстан соң қауіпсіз жерге орналастырылды. Әзірге басқа ақпарат жоқ, - деп атап өтті Ченг.

Белгілі болғандай, екі адам Уэст-Палм-Бичтегі Trump International Golf Course-тің маңында атысқан. Олар бір-бірін көздеген, оқ Трампқа бағытталмаған деп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар