Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Дәрігерлік құпия»: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тың дерек шықты

17:35, 16 қыркүйек 2026

Ақбаян Мұқанғалиева амбулаторияда бақылауда болмақ Жангелдин трагедиясына қатысты сот процесінде жүйке аурулары ауруханасына жатқызылған Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығарылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол – қаралы отбасының кенже қызы әрі өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы әйелі.

Ақбаянның қандай диагнозбен емделгені әзірге белгісіз. Денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты дәрігерлік құпияға байланысты жариялаған жоқ.

КТК арнасының хабарлауынша, Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиевтың бес баласының төртеуі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында, ал кішісі балалар үйінде.

Сот балаларға қамқорлықты бекітуді қалалық білім бөліміне жүктеген. Әзірге комиссия бұл бойынша шешім шығармады.

Ақбаян Мұқанғалиева ауруханадағы емін аяқтағанымен, тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық деңгейде дәрігерлердің бақылауында, дейді денсаулық сақтау басқармасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар