Әнші Сырым Исабаев журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, көптің көкейінде кеткен сұрақтарға жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Жетпей қалған әндер бар. Біз махаббатты тауысып, басқа да тақырыпты қозғағымыз келді. Шүкіршілік әнімізді айттық. Бірақ әке мен анаға, табиғатқа, арамыздағы достық қатынасты жеткізетін ән жетпеді. Осындай дүниелер жетіңкіремей қалды. Әйтпесе бізде бірге ән айтуға ниет болды. Ән табылмай қалғаннан кейін бөліну болды. Ескі әннің тізесін шығарып айта бергіміз келмеді", - деді әнші.