Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Болашақ сәулетшілері”: Қор басшысы ұзақ мерзімге сотталды

13:05, 05 наурыз 2025 423

«Болашақ сәулетшілері» қорының негізін қалаушы Марат Әбиевке сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеп. 

2025 жылы 14 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен «Болашақ сәулетшілері» қорының негізін қалаушы Марат Әбиев пен оның сыбайластары сотталды.

Марат Әбиев 9 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойына лауазым атқаруға тыйым салынып, қоғамдық бірлестіктерді құруға және басшылыққа алуға байланысты қызметпен 5 жыл мерзімге айналысу құқығынан айырумен тағайындалды. 

Оның сыбайластары 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот шешімі бойынша айыпталушылардың мүлкі тәркіленіп, олардың контрабандалық жолмен алынған 6 млрд теңгеден астам қылмыстық табысы тәркіленді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар