Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Блогер 107 млрд табады делік, онда мұнайды не үшін өндіреміз?! - БЛОГЕРЛЕР

08:32, 19 ақпан 2025 884

Танымал блогерлер салыққа наразылық білдіруде, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Бейбіт Әлібековтың айтуынша, қарапайым есептеу амалдары арқылы ғана блогерлер миллиардтап салық төлейтіндей пайда көрмейтінін түсінуге болады.

«БАҚ беттеріндегі жаңалықты оқыдым – блогерлер бір айда 53 миллиард салық төлеу керек екен, яғни құн салығы 10 пайыз болса, 600 адам 533 миллиард теңге – 1,07 млрд миллиард табыс тапқан болып отыр. Онда 60 мың блогер 107 миллиард доллар табады, яғни еліміздің жалпы ішкі өнімінің үштен бірін жасай алады деген сөз ғой. Онда мұнайдың не қажеті бар? Блогерлерді шығарайық. Бізге блогерөндіруші сала керек», – деді Әлібеков Telegram-дағы парақшасында. 

Салық органдары есептеген сома шындыққа жанаспайтынын оның әріптесі Әлішер Елікбаев та айтып отыр.

«Маған да осылай ұшып келді ғой. 5 миллионнан мен 500-600 мың теңге салық төлеуім керек пе?! Бірақ маған оны көрсетіңдер! Қалай санадыңдар? Нені есептедіңдер? Мен анама, әкеме ай сайын ақша жіберемін – соны да табысқа қостыңдар ма? Өз депозитімнен өз шотыма ақша аударғаным да салық есебіне кіріп кеткен сияқты. Қалай есептегендеріңді көрсетіңдер, содан кейін сөйлесейік», – деді блогер КТКарнасына берген сұхбатында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар