Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Соғыстың қайталанбайтынына кім кепіл?”: Зеленский шұғыл мәлімдеме жасады

12:18, 05 желтоқсан 2025

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігі туралы айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Оңай шешімдер болмайды. Мәселе оларды қабылдаудың күрделілігінде емес. Шешім қабылдайтын адам оны қабылдайды. Мен шешім қабылдай аламын, бірақ олардың әділ болғаны маңызды. Ең бастысы, біз туралы бізсіз ешқандай шешім қабылданбауы керек», – деді Зеленский Дублинде Ирландия премьер-министрі Михаэль Мартинмен өткен баспасөз конференциясында.

Владимир Зеленский Ресейдің Украинаға қарсы соғыс қимылдарын дер кезінде тоқтатпасақ, болашақта соғыстың қайта тұтану қаупі жоғалмайтынын атап өтті.

«Біз оларды тоқтатуға тиіспіз, әйтпесе бір жылдан кейін олар үшінші рет келіп, бізді басып алуға тырысуы мүмкін… Мұның қайталанбайтынына кім кепілдік бере алады? АҚШ-қа ризамыз, олар кепіл болуға дайын, бірақ біз бұл кепілдіктерді анық көргіміз келеді. Бізге нақтылық қажет», – деп түйіндеді Зеленский.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар