Белгілі заңгер Мейірман Шекеев Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.
Заңгер Qazaq ordasy YouTube арнасына берген сұхбатында Ардақ Назаровтың депутаттық қызметі туралы өткір мәлімдеме жасады.
Ардақ Назаровтың бірінші депутат болған кездегі сұхбатын әлі күнге дейін күліп, еске аламын. «Не істейсің?» деген сұраққа «Балаларды тәрбиелейміз» деді ғой. Ол уағыз айту үшін барды ма? Мен Ардақ Назаровтың бір заңға үлесін көрген жоқпын. Мені Парламенттегі бір жиналысқа Қазыбек Иса шақырды. Тілге қатысты болды. Қисықтық өте көп қой. Соған Алматыдан арнайы бардым. Сол кезде Ардақ Назаровты, Дәулетті, Ринатты көрдім. Соның ішінде ең қатты ұнағаны - Ринат. Ол батыл сөйледі. Ардақ Назаров жазып алып келді. Шығарма алып келді десем болады. Тілдің тағдыры шешіліп жатқанда қайдағы бір шығарманы оқыды.