Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балалар сүйіп ішеді: "Золотая жизнь" сусынының ішінен ең қауіпті қоспа анықталды - Тыйым салынып жатыр

10:10, 04 шілде 2024 697

Ауғанстанда өндірілетін "Золотая жизнь" сусына кейбір мемлекеттер қатаң тыйым салып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Қырғызстан бұл сусынның құрамында қауіпті қоспа барын анықтап, сатылуына тыйым салуда. 24 kg басылымының жазуынша, Ош қаласында анар сусыны сауда орындарынан тәркіленіп жатыр. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі жанындағы аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бұйрығына сусын талаптарға сай келмейді екен.

Тыйым халықтың, әсіресе, балалардың денсаулығын қорғау мақсатында енгізілген. Өйткені сусынның құрамында балалардың белсенділігі мен зейініне теріс әсер ететін азорубин E 122 бояғышы бар.

Сауда желілерінің басшыларына осы өнімдерді сатуға тыйым салу туралы бұйрықтар берілген. Қазақстанда бұл сусындар сатылады әрі бағасының төмендігімен танымал.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар