Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа әлеуметтік желіде мағынасы түсініксіз видео жариялады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынғаннан кейін, оның әріптесі де тәртіп сақшыларымен бір мәселеге тап болды.
Әбдіжаппар Әлқожаның Қонаев қаласында полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат желіде пайда болды. 10 тәулікке қамауға алынғаннан ол қазір бостандыққа шықты
Instagram желісінде өзінің киімдерін өртеп жатқан видеоны жариялады, постты мұңды музыкамен әрлеген.
Ол пост астына:
Күйін кештім мен бүгін!
Көкбөрілердің жаралы.
Адым сайын аңдыған
Қақпаннан сирақ қанады.
Арландарым атылып
Бөртелер кезді даланы,
Айналамның барлығы
Шибөрі болып барады.
…
Балақтан тартқан әр итке көңіл бөлсең сапарыңнан қаласың!!! О Хаям.