Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аты аңызға айналған актер Бекжан Тұрыс асқаралы 60 жаста!

23:17, 10 қазан 2025 194

Танымал театр және кино актері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс 60 жасқа толды, деп жазады Alash.kz.

Аты аңызға айналған актердің мерейлі жасы алдымен кіндік қаны тамған жерінде тойланып басталды. Туған ауыл ыстық ықыласпен қарсы алып, өнерлі ұлын ұлықтады. 

Бұл туралы журналист Дина Имамбай әлеуметтік желіде жазды.

Бекжан ағамыздың мерейтойы туған жері – қасиетті Қарадаланың орталығы Шонжы ауылында дүркіреп өтті. Өнерімен де, азаматтық тұлғасымен де халықтың ұлына айналған Бекжан ағаға деген туған жұртының ықылас-пейілін көріп төбеміз көкке жеткендей қуандық. Керемет күн болды, әсеріміз шексіз. 
Бекжан аға, өнердің көшін алға тартып, абырой биігінде жасай беріңіз! Біз сізді жақсы көреміз, құрметтейміз!


Ел атынан ақжарма тілегін білдіргендердің қарасы көп. Сол тілектердік бірегейін Серік Әбікенұлы жолдады.

Елі қадіріне жеткен Ерде арман бар ма?! Қарадала Бекжанының  маңдайдан өбіп, мерейтойын өткізіп жатыр! Құтты болсын, аға! Тойға жете алмай Ришаттан сурет сыпырып отырған жай бар. Мынау бір ер үстінде де елге иіліп тұрған, болмысыңызды ашатын тамаша сәт екен. Тұлпар баққа шапсын, абырой олжаласын!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар