Астанадағы түнгі клубтың алдындағы төбелестен 18 жастағы жігіт қаза тапты.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде төбелес «BHB» деген түнгі клубтың алдында болған деген ақпарат тараған еді. Полиция департаменті оқиға орнына қатысты ақпарат бермесе де өлім фактісін растады.
«Таяқ жеген адамның өліміне әкеп соқтырған төбелеске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдікті ретінде екі адамды ұстап, уақытша қамау изоляторына жапты. Түнгі клубқа келген жастардың арасындағы дау басталып, арты төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде 18 жастағы бала жарақат алып, көз жұмды», - деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаменті Azattyq Rýhy редакциясына берген жауабында.