Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Артында еңіреп жары қалды: Құлсарыда құтқарушы қайтыс болды

09:05, 30 мамыр 2024 2782

Су тасқынынан кейін Құлсары қаласын қалыпқа келтіру кезінде 2001 жылғы құтқарушы қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

 

Атырау облысы төтенше жағдай министрлігінің ақпаратына бойынша, 2024 жылы 29 мамырда Атырау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлы Құлсарыда су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында бақилық болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Рақым Бейбарыс 2001 жылы Атырау қаласында туған. Азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдан бастап қызмет еткен.

– Бейбарыстың артында ата-анасы, бауырлары мен жары қалды. Отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде жүрегімізде мәңгі қалады. Әріптесіміздің иманы саламат болып, пейіште нұры шалқығай, – деп көңіл айтады департамент.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар