Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ақ жол” партиясынан пара алған: Тағы бір шенеунік қамауға алынды

17:34, 04 қыркүйек 2024 352

Ұлттық гвардия бас қолбасшысының орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігі растады.

«Ол құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу әрекеттерін құзырлы органдар ІІМ-мен бірлесіп жүргізуде», — деп түсініктеме берді ведомство.

Болжам бойынша, Константин Воронкин «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильевтен пара алған. Тергеу қандай бап бойынша жүріп жатқаны ІІМ нақтылаған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар