Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әнаруды зорлады деген Жанқош Тұраров титулдарынан айырылуы мүмкін бе?

11:14, 07 желтоқсан 2024 1388

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz материалына сүйеніп.

34 жастағы боксшы бұған дейін 2023 жылы қазанда рингке шықты. 

"IBO ережелері бойынша титулды жылына кемінде бір рет қорғау керек. Алайда 10 желтоқсанда қазақстандықтың кейінгі жекпе-жегі өткеніне тура бір жыл болады. Дереккөз мәліметінше, бұл Тұраровты чемпион атағынан айыруға себеп болады", - деп жазылған Vesti.kz ақпаратында.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров 28 қыркүйекте Алматыда рингке шығуы керек еді, бірақ оның венесуэлалық Хесуса Корреа Пинтоға (16-0, 16 КО) қарсы жекпе-жегі өткізілмеді.

Еске салайық, бұған дейін Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тараған болатын. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар