Алматыда 8 сәуір күні көпқабатты үйдің терезесінен қыз құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Қайғылы оқиға Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
Қыз 18-қабаттан құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 20 жаста болған.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.
“Қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді полициядан.