Қазақстандық белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желілерде тараған "полиция рейді кезінде ұсталды" деген қауесетті жоққа шығарды, деп Alash.kz.
Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеп, айтылып жатқан ақпараттың жалған екенін жеткізді.
"Кейбір сайттарда менің массажға барып, полиция рейді кезінде ұсталғаным туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл – өтірік ақпарат. Сенбеулеріңізді сұраймын. Мен ешқайда барған жоқпын, еш жерде ұсталған жоқпын. Бұл концерт берер алдында, менің аяғымнан біреулердің шалып жатқаны болуы керек", – деді Тұрсынбек Қабатов.
Сонымен қатар ол әлеуметтік желілерде аталған "Манхэттен" деген жердің қайда орналасқанын да білмейтінін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін интернетте Қабатовтың Алматыдағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде жеңіл жүрісті қыздарға барған сәтінде ұсталды деген ақпарат тараған болатын.