Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

8000-нан аса адам алған: Сәкен Майғазиев халыққа сатқан онлайн тойынан 11 млн пайда көрген

09:13, 13 маусым 2025 1223

Қазақстандық әнші, халық әртісі Сәкен Майғазиев 11 маусым күні ұлын үйлендірді. Алайда бұл той салтанаты халық арасында наразылық туғызды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Мәселе — Сәкен Майғазиевтің әлеуметтік желілерде тойды ақылы тікелей эфирде көрсетуінде.

Көрсетілімге қол жеткізу үшін көрермендерден 1380 теңге төлеу талап етілген.

Instagram парақшасында журналист әрі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жазуынша, нәтижесінде бұл үлкен тойдың ақылы трансляциясын шамамен 8 мың адам тамашалаған.

«Бөтеннің ақшасын санау дұрыс емес, бірақ мен бұл кешті ұйымдастырған адамдарды санап шықтым. Шынымен де керемет кештің куәсі болдық. Тікелей эфирді 8000-ға жуық көрермен көрді, нақты тіркелгендер саны маған беймәлім», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Тойға шамамен 1000 қонақ шақырылған. Олардың жартысы – танымал тұлғалар. Қонақтарға қызмет көрсетумен 100-ден астам адам айналысқан.

Координациямен 30 адам, ал көңіл көтерумен 15 жүргізуші айналысқан. Тікелей эфирде 20 камера мен 20 оператор, соның ішінде режиссер, продюсер және видеоинженер жұмыс істеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар