Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“8 жасымнан 12 жасыма дейін зорлады” - Нағашысынан қорлық көрген қыздың оқиғасы елдің жағасын ұстатты (ВИДЕО)

11:17, 12 қыркүйек 2025 477

Әлеуметтік желіде белсенді Айдана Ерсінқызы өзінің балалық шағында бастан өткерген ауыр жағдайды жариялап, қылмыскердің заң алдында тиісті жазасын алғанын жазды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Айдананың айтуынша, ол 8 жасынан 12 жасына дейін туған нағашысынан зорлық көрген. Бала күнінде болған жайтты нағашысының жұбайына жеткізгенімен, ол керісінше: “Сен менің күйеуімді айналдырып алғың келіп жүр” деп жала таққан. Анасы да қызын қолдамай, бауырын жақтаған. “Мені өтірікші, жеңілтек санады”, – деп еске алады ол.

Менің бақытты балалығымды туған нағашым быт-шыт қылды. 8 жасымнан 12 жасыма дейін зорлық көрдім. Болған жайтты нағашымның әйеліне айтқанымда «Сен менің күйеуімді айналдырып алғың келіп жүр» деген жалаға қалдым. Анам да сезімге сенбеді, бауырын жақтады. Мені өтірікші, жеңілтек санады. 12 жасымда бастан кешкен азабымды психологқа айтып, ол полицияға арыз бергенде белгісіз себеппен іс жабылып қалды.

Арада он жыл өткенде Human Rights Lawyers қоғамдық қорына хат жаздым. Сол жақтан «Бір қадам» жобасы аясында мені өз қорғанына алды. Маған қордың психологі Жеңісгүл Хабаева зор қолдау көрсетті. Сотта менің құқығымды адвокаттар Айман Умарова, Ляззат Рақышева, Ғалымжан Жолдасбаев қорғап шықты.

Арада он жыл өтсе де, әділдік жеңіп шықты. Менің балалығымды ұрлаған адам енді 22 жыл темір торда отыр. Мен шеккен азапты енді ол шегетін уақыт келді.
Ерте ме, кеш пе, әркім өз ісіне жауап беретініне, зұлымдық жазасыз қалмайтынына, әркім Алланың алдында жауап беретініне сенетінмін бұрыннан. Мен секілді зорлық көріп, жақындарынан қолдау таппай, әділдікке жете алмай жүрген жандарға айтарым: ешқашан берілмеңіз. Зорлық көрсеңіз, жақыныңызға айтыңыз, олардан қолдау болмаса, полицияға барыңыз. Ал егер ол жақтан да қолдау болмаса, зорланғандардың құқығын қорғайтын қайырымды жандар мен арнайы қорларды іздестіріңіз. Бастысы, тоқтап қалмаңыз. Әділдік жолы ауыр жол. Бірақ нәтижесі сол ауырлықтың бәрін арқалап өтуге тұрарлық.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар