Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“8 жасар шебер” - Техника тетігін меңгерген бала елді сүйсінтті (ВИДЕО)

14:25, 08 тамыз 2025 160

Келес ауданында тұратын 8 жасар Айдын Бекжанұлы жасына қарамай, ұялы телефон жөндеуде ересектерден кем түспейді. Қызығы, ол бұл істі арнайы курстарда немесе үйірмелерде оқымаған, деп жазады Alash.kz. 

Жазғы демалысын қатарластары сияқты ойынмен емес, құрал-саймандардың арасында өткізетін бүлдіршіннің қолынан әртүрлі маркадағы телефондарды қалпына келтіру келеді.
Айдын техникалық білімді әкесінің жанында жүріп, күнделікті тәжірибе арқылы жинаған. Алғашқыда қызығушылықпен көргенін қайталаса, қазір кез келген смартфонды ашып, ақауын анықтап, қайта құрастыра алады. Оның айтуынша, табандылық пен қызығушылық – шеберліктің басты кілті:

“Мен өзім жұмысқа келіп, “папа, көмектесейін бе?” деп сұрадым.  Ол да көмектескенімді қалады. Мен жұмыс істеп, үйрене бердім. Экран жөндей аламын. Батарейка ауыстыра аламын. Кпонка ауыстыра аламын. Камера ауыстыра аламын. Плата ауыстыра аламын” дейді 8 жасар өрен.

Баланың бетін қақпайламай, еңбекке баулыған шебер әке де жөндеу ісінен құр алақан емес.

Қолдан келгенше үйретіп жатырмын. Онша-мұнша экран жөндеу сияқты жұмыстарды тез қағып алады. Ертеңгі күні үлкен кәсіптің иесі болады деп сенемін. 

Жасынан қатарластарынан ерек бала оқуда да озат көрінеді. Болашақта мықты инженер болуды армандайтын шебер баланы арнайы іздеп келіп, телефон жөндететіндердің қарасы көп. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар