Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Болашақ чемпиондардың ұясы”: Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын жария етті

11:40, 08 тамыз 2025 358

Қазақстандық дзюдошы, әлемдік рейтингте ойып алатын орны бар спортшы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова енді бапкерлікке қадам баспақ, деп хабарлайды Alash.KZ.

Танымал спортшы жақын күндері өз атындағы дзюдо клубында бапкерлік жұмысын бастайды.

Әбибаның айтуынша, болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін орталық болмақ.

 “Бұл — тәртіп пен ерік-жігер және де табысқа бастар жол болады“ деп жазды ол Instagram парақшасында.

Жаңа ашылатын үйірме жастардың спортқа қызығушылығын арттырып қана қоймай, ел спортындағы кадрлық базаға да үлес қоспақ.
6 жастан 17 жасқа дейінгі ұл-қыздарды спортқа баулитын орталықта Әбибаның авторлық әдістемесі, халықаралық деңгейдегі тәжірибесі, жеке көзқарасы мен чемпиондық құпиясы белгілі болады.

Жаңа клубтың ұраны да өзгеше:

Чемпионнан үйрен! Чемпион бол! Бірінші қадамды бүгін баста! Ертең кеш болуы мүмкін!

28 жастағы спортшы — Қазақстан дзюдосының ең жарқын есімдерінің бірі. Ол екі рет әлем чемпионатында қола жүлде иеленген. Соңғы рет Будапешт татамиінде финалға дейін жетіп, күміс медаль тағынды. 2024 жылғы Париж Олимпиадасында қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде қарсыласынан ұтылып, бесінші орынға тұрақтаған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар