Павлодар облысында қылмыстық топтың мүшелері деп болжанған адамдар ұсталды. Олар Болгария тұрғынын алдап, 102 млн теңге аударуға мәжбүр еткен, деп хабарлайды Alash.kz.
Тергеу нұсқасына сәйкес, шетелдік ер адам биылғы мамыр-маусым айларында интернет-алаяқтардың арбауына түскен. Полицейлер бұл схеманы ұйымдастырған екі айыпталушыны анықтады. Оған қоса, осы қылмысқа қатысты тағы төрт ықтимал қатысушыны әшкереледі. Қазіргі уақытта олардың қылмысқа қатысы тексерілуде. Мұздай қарулылар күдіктілерді “Контрафакт” арнайы іс-шарасы аясында қолға түсірді. Polisia.kz. дерегінше бұл топтың Көкшетау мен Қорғалжын ауданында жасалған екі ұқсас қылмысқа да қатысы болуы мүмкін.
Тінту кезінде ұялы телефондар мен ұрланған қаражаттың бір бөлігі тәркіленді. Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция басқа да мүмкін жәбірленушілерді іздестіруді жалғастыруда.