Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Автобус апатында аяғынан айрылған қыз - жүргізуші рақымшылыққа ілініп кетті

19:27, 07 тамыз 2025

Астанадағы жол апатынан қыз аяғынан айырылды, ал автобус жүргізушісі рақымшылыққа ілінді, деп жазады Alash.KZ.

«Жүргізушінің кінәсі қылмыстық іс материалдарымен және сараптама қорытындыларымен дәлелденді. Қылмыстық іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды», - дейді тәртіп сақшылары.

Алайда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам болып қалады.

Естеріңізге сала кетейік, маусымда жолаушылар автобусы бағанаға соғылып, 15 адам, оның ішінде 6 бала зардап шеккен еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар