Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"57 млн теңгені ұрлаған". "Ақжайық" футбол клубының бұрынғы директоры Оралбай Жақсымбетов қамауға алынды

18:30, 01 тамыз 2024 369

«Ақжайық» футбол клубының экс-директоры Оралбай Жақсымбетов қамауға алынғаны айтылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Azattyq Rýhy порталының хабарлауынша, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті, «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК экс-директоры Оралбай Жақсымбетов ұсталды.

Антикор Оралбай Жақсымбетовтің 2021-2022 жылдары 57 млн теңгені ұрлап кеткенін айтты. Бұл қаражатты БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы Жақсымбетов бақылауындағы «Ақжайық» ФК» ЖШС-не балаларды оқыту қызметтеріне ақы төлеу түрінде аударып жіберген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында «Ақжайық» ЖШС бұрынғы директорының ұсталғанын растайды. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - деп хабарлады агенттік.

Ол спортты дамыту дирекциясын 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың желтоқсанына дейін басқарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар