Қазақстан жоғары жалақы бойынша алдыңғы орында тұрғаны хабарланды, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы Finprom.kz-ке сілтеп.
Қазақстан жалақы бойынша екі жүзге жуық елдің ішіне 80-орында тұр Әлемдік рейтингте бізден төмен Түркіменстан, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан жайғасқан. Ал дүние жүзінде ең жоғары жалақы Швейцарияда тіркелді — 8,1 мың доллар.
Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы — 382 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,2%-ға артық. Статистикаға сүйенсек, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарындағы тұрғындардың айлық табысы жоғары. Сондай-ақ алғашқы бестікке Астана мен Алматы да кіріп отыр. Ал Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жалақы мөлшері төмен.