Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

274,4 миллион теңге: Назарбаев зияткерлік мектептеріне тексеру жүргізілді

16:40, 12 тамыз 2024 1583
  • 2019-2023 жылдары бюджеттен қанша ақша бөлінді?
4 жылда Назарбаев зияткерлік мектептері жұмысына бюджеттен 250 миллиард теңге бөлінген. 
  • Смайылов не дейді?

Отырыс барысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бұл бағыттағы нәтиженің бөлінетін қаржыландыру көлеміне сәйкес келмейтініне назар аударды.

"Ұлытау облысының барлық бюджеті көлеміндегі қаражат осы бес жылдан аз уақыт ішінде Назарбаев зияткерлік мектептеріне бөлінген. Оның ішінде 22 миллиард теңгеден аса қаражат тәжірибені таратуға қаралған. Статистиканы қалай қарасақ та, өкінішке қарай, айтарлықтай өзгеріс жоқ. Оның үстіне, бұл тіпті мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде де қамтылмаған", – деді Әлихан Смайылов.

  • Қандай жайттар анықталды?

Аудиторлық қорытындыда НЗМ қаржыландыру механизмі қаражатты пайдаланудың ашықтығын, есептілігін және нысаналы сипатын қамтамасыз етпейтіні анықталған. НЗМ-де іс жүзінде жүргізілмеген іс-шаралардың жоспарланғаны анықталды. 2019-2023 жылдары орындалмаған іс-шаралар көлемі шамамен 8 миллиард теңге болады.

3 жыл ішінде НЗМ 16,4 миллиард теңге көлеміндегі қаражатты игермеген, ал банк шоттарында жыл сайын 27-ден 55 миллиард теңгеге дейінгі мөлшерде қаржы қалдықтары жинақталған.

"НЗМ өткізген сатып алулар бойынша 10,5 миллиард теңгеге бұзушылықтар анықталды. Мысалы, 1 миллиард теңгеден аса сомаға бір көзден сатып алу тәсілін заңсыз қолдану, өтінімдерді негізсіз жіберу немесе қабылдамау және т.б. жағдайлар тіркелген. Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері және бөгде ұйымдардың коммерциялық ұсыныстары негізінде тауарларды жоғары құны бойынша сатып алу деректері анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Назарбаев зияткерлік мектептерінің ақпараттық-білім беру ортасын дамытуға шамамен 2 миллиард теңге бағытталған. Алайда аудит барысында конкурстық іріктеу, аттестаттау және т.б. негізгі бизнес процестер автоматтандырылмаған.

  • Қандай көлемде қаржылық заңбұзушылық анықталды?

Мемлекеттік аудит 274,4 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтарды анықтады. Қаражатты тиімсіз жоспарлау 8,3 миллиард теңге, тиімсіз пайдалану шамамен 6 миллиард теңге болды. Сонымен қатар, 134 рәсімдік бұзушылық пен 30 жүйелік кемшілік анықталды.

  • Нәтижесінде қандай шара қолданылды?

Тексеріс қорытындысы бойынша 1 материал құқық қорғау органдарына, әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар тағы 10 дерек әкімшілік іс жүргізу үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар