Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

190 млрд: Қазақстан халықаралық банктерден тағы да қарыз алды

20:20, 12 желтоқсан 2024 102

Қазақстан үш халықаралық банктен 190 млрд иен қарыз алады, деп жазады Alash.KZ.

Несие биылғы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталмақ. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында тиісті құжат мақұлданды.

Азия Даму Банкінен – 52,3 млрд иен;

Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен – 84,9 млрд иен;

Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінен – 52,7 млрд иен.


Екі халықаралық институттан алынатын қарызды өтеу мерзімі – 15 жыл.

Қазақстан үшінші банк беретін несиені 2034 жылға дейін өтеуі шарт.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар