Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“14 жерінен пышақтап, айдалаға лақтырып кеткен”. Сарыағашта 19 жастағы жігітті азаптап өлтірген сарбаз жайлы тың дерек шықты

18:41, 11 тамыз 2025 608

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 19 жастағы жігітті пышақтап өлтірген сарбаз 15 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Марқұм Жасұлан Әбдіманаптың анасының айтуынша, 19 ақпанда ұлына қарыз туралы сөйлесу үшін таныстары хабарласқан. Сол күні кешке оны көлікке отырғызып, қала сыртына алып кеткен. Онда жігітті соққыға жығып, 14 жерінен пышақтаған. Кейін Жасұланның атынан сегіз несие мен шағын несие алынғаны анықталған.

Нәтижесінде сот сарбаз Мурод Әбдіжәмиловті 15 жылға соттаған. Ал екінші күдікті Диас Ибрагимов 2 жыл 8 айға, Адина Мамаева 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар