Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"1,2 миллиард теңге": Арыстанбек Мұхамедиұлы мектебінен айырылды

12:56, 19 шілде 2024 902

Бұрынғы мәдениет министріне тиесілі республикалық су және қолданбалы спорт түрлері бойынша жоғары спорт мектебі мемлекет меншігіне қайтарылды деп хабарлайды Alash.KZ Stan.kz сайтына сілтеп. 

Алматы прокуратурасының мәліметінше, мектеп құны 1,2 миллиард теңге.

2024 жылы 17 шілдеде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді", – делінген хабарламада. 

Жылжымайтын мүліктің нарықтық құны 551 миллион теңгеге төмендетілген. Аталған заң бұзушылық сотта расталды.

 

Мектепте 7,6 мың шаршы метр әкімшілік ғимараттар, спорт залдары мен 4,9 гектар жер учаскесі бар.

Мүлікке Арыстанбек Мұхамедиұлымен аффириленген тұлғаларға тиесілі "Nomad's Land" ЖШС-не иелік еткен.

Еске салсақ, бір жылдан аса уақыт тергелген Арыстанбек Мұхамедиұлы сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Артынша "Дипломат" қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алды деген қосымша айып тағылды. Миллиардтаған қаржы жымқырып, жекеменшік мектепті заңсыз иемденді деп айыпталған Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталған еді. Оған екі эпизодты қамтитын қылмыстық іс бойынша үкім шықты. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар