Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

1 жыл бойы әкесі қызын зорлап келген: Нұрболхан Шарапов сұмдық оқиғаға куә болды

09:07, 21 мамыр 2024 682

"Харекет қоры" мұқтаж отбасыға көмекке барған кезде күтпеген жағдайға тап болды. Бұл туралы Нұрболхан Шарапов баяндады, деп хабарлайды Alash.kz.

Нұрболхан Шараповқа әйел өз қызының өгей әкесінен 1 жыл бойы зорлық көріп жүргенін баяндады.

«Екінші күейуіммен тұрып жатқан уақытта басымыздан өте ауыр жағдай өтті. Күйеуім педофил болып шықты. Ол кезде мына қызым 8 жаста еді. Бір жыл бойы қызымды қинап келген. Азғын ойын күн сайын жүзеге асырып келіпті. Кейін өзім сол оқиғаның үстінен түстім. Психологтар мен полиция қызметкерлері менен «қыздарыңызбен неге сөйлесіп тұрмадыңыз?» деп сұрады. Мен қыздарымнан суыртпақтап «күйеуім ұрып-cоқпай ма?» деп сұрап тұратынмын. Ал олар тиіспейтінін айтып жүрді. Сөйтсем, қызымды «Анаң жоқ кезде өлтіріп тастаймын!» деп қорқытып қойған екен. Сондықтан айтпай келіпті», - деді көп балалы ана.

Аты-жөні жасырылған әйелдің оқиғасы блогерге қатты әсер етті. Ол енді аталған отбасына баспана сыйлағысы келетінін білдірді.

«Қазақ елі қолымыздан келгенше қарындастарымызды баспаналы етейікші, артық пікір қажет емес. Видеоны таратып, жақсылыққа шақырып, барынша қолдау білдірейікші», - деп жазды блогер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар