Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Заңы қатаң ел. Сингапурда қоғамға зиянын тигізгендер өлім жазасына кесіледі

10:11, 11 қаңтар 2025 111

Сингапур елінде есірткі сатқандардың өлім жазасына кесілетіні хабарланды, деп хабарлайды Alash.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Мұнда тыйым салынған зат саудасымен айналысқандар өлім жазасына кесіледі. Билік осындай қатаң тәртіптің арқасында Сипгапур әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттердің қатарына кіретінін айтады. 

Бірақ халықаралық қауымдастық бұл адам құқықтарын бұзу деп биліктің ұстанып отырған саясатын қатаң сынға алады.

Халықаралық Эмнести Интернейншл ұйымының дерегінше 1991-2011 жылдар аралығында елде 450-ге жуық адам өлім жазасына кесілген. Солардың 70 пайызы есірткіге қатысты қылмыс үшін сотталғандар. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар