Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамп бүгін аса маңызды жоспарын жариялап, билікке талап қойды

11:30, 12 мамыр 2025 235

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі рецепт бойынша берілетін дәрі-дәрмектердің бағасын төмендетуге бағытталған жаңа жоспарларын жариялады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Ол 12 мамыр, дүйсенбі күні бұл саладағы жаңа саясатқа байланысты жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.

Бұл туралы Трамп Truth Social платформасында хабарлады. Оның айтуынша, бұл саясат рецепт бойынша берілетін дәрі-дәрмектердің бағасын 30-80 пайызға дейін төмендетуді көздейді.

АҚШ-тағы дәрі бағасын төмендету өзге елдердегі бағаның өсуі есебінен өтеледі

Жоспарға сәйкес, АҚШ-та сатылатын дәрілердің бағасы шетелде сол дәрілердің сатылатын ең төменгі бағасына сәйкестендірілмек. Трамптың айтуынша, Америкадағы бағаның төмендеуі өзге мемлекеттердегі дәрі бағасының өсуі арқылы өтеледі.

Сондай-ақ, ол Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) елдер арасындағы саудада кемсітушілікті болдырмауға бағытталған “ең қолайлы режим” қағидатына сілтеме жасады.

Алайда, Трамп бұл бастамаға қатысты басқа нақты мәліметтер ұсынған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар