Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су тасқыны: "18 мыңға жуық қазақстандық үйіне оралды"

17:24, 17 сәуір 2024 482

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынынан кейін 17 547 адамның үйіне, өз шаңырағына оралғанын хабарлады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Министрлік өкілдері:

- Азаматтық қорғау қызметтері 117 142 адамды, оның ішінде 40 833 баланы құтқарды. 113 852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 17 547 адам үйлеріне оралды. Эвакуациялау пункттерінде 6 932 адам, оның ішінде 3 111 бала бар, - деп хабарлады. 

9,8 млн. м3 астам еріген қар суы сорылған, ал 3 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселген. 3 873 тұрғын үй мен 2502 аула аумағынан су бұрылды. Ал Ақтөбе облысында тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр. 📍Қазіргі уақытта Ырғыз ауданында, Құйылыс, Жайсаңбай және Белшер ауылдарындағы бөгеттер нығайтылу үстінде. 

Құтқарушылар Құйылыс ауылының тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын және гуманитарлық көмекті жеткізуді жалғастырып жатыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар