Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шынайы сезімнің қадірін біледі”: Сүйінші! Димаш Құдайберген жайлы қуанышты хабар тарады

18:44, 01 желтоқсан 2025 219

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген Мысырда алғашқы жеке концертін өткізді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

30 қарашада "The Pyramids Echo" атты алғашқы фестиваль аясында Димаш Құдайберген өзінің жеке концертін ұсынды. Бұл Димаштың африка құрлығындағы Мысыр пирамидаларының етегінде алғашқы өнер көрсетуі, сонымен қатар ТМД елдерінен шыққан әртістің алғаш рет сахнаға шығуы болды.

Кештің сиқырлы жарығында, мифтер мен көне құпияларға толы пирамидалар әрбір әнге өзіндік ерекше тарих сыйлады.

"Әр туынды жеке бір шағын спектакль секілді, Димаш әрқайсысында басты рөлді сомдады: "Fire" мен "Smoke" композицияларындағы харизматикалық жігіт, "Любовь уставших лебедей" әніндегі шынайы сезімнің қадірін білетін ер адам, "When I`ve Got You" және "SOS d’un terrien en détresse" шығармаларында өмірдің ең қымбат нәрселерін бағалай алатын тұлға бейнесінде көрінді",- деп жазды әншінің баспасөз қызметі.
Өз кезегінде Димаш көрермендерді концерттің басынан соңына дейін баурап, финалда залға үшінші рет түсіп, биске "Weekend" шығармасын орындап, бұл тамаша мерекеге жарқын нүкте, жоқ, нүкте емес, көпнүкте қойды, өйткені алда әлі талай кездесулер мен концерттер күтіп тұр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар