Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Таяу Шығыстағы ахуал: Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі маңызды мәлімдеме жасады

19:36, 01 наурыз 2026

Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі жергілікті жерде тұратын отандастарды қиын жағдайда қалған азаматтарға қол ұшын созуға шақырды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Осы баршаға қиын кезеңде сіздердің қолдауларыңыз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз ерекше маңызды. Қазіргі уақытта БАӘ аумағында қысқа мерзімге келген немесе транзит арқылы өтіп жатқан Қазақстан азаматтары бар. Қалыптасқан жағдайда олардың бірқатарына уақытша көмек пен қолдау қажет болуы мүмкін. Егер сіздерде уақытша орналастыруға, тамақпен қамтамасыз етуге немесе өзге де нақты көмек көрсетуге мүмкіндік болса, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарлауларыңызды сұраймыз", - делінген үндеуде.

Сондай-ақ елшілік егер қиын жағдайда қалған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет болса, дипломатиялық өкілдіктерге хабарлауды сұрады.

Қазақстан Республикасының Абу-Дабидегі Елшілігі:

+971 50 508 5226
+971 2 449 8778

Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы:

+971 50 570 1978
+971 4 547 5784
dubaimfakz@gmail.com

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар