Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет” - Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр

16:03, 01 наурыз 2026

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді. 

Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар