Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Иран басшысы қызметіне кім келеді? - Трамп маңызды мәлімдеме жасады

Иран басшысы қызметіне кім келеді? - Трамп маңызды мәлімдеме жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшысы лауазымына үш үміткер бар екенін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Менде үш жақсы үміткер бар”, – деді Трамп The New York Times газетіне берген сұхбатында. 

Алайда АҚШ президенті үміткерлердің есімін атаудан бас тартты.

Ирандағы биліктің ауысуы туралы айта келе, Трамп ең мінсіз сценарий ретінде АҚШ-тың Венесуэла көшбасшысы Николас Мадуроны қолға түсіруін атады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция төрт аптаға созылатынын айтқан еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар