АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жауап беріп, қатаң ескерту жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Иран бүгін бұрын-соңды болмаған өте қуатты соққы жасайтынын мәлімдеді. Мұны жасамағаны дұрыс. Егер олар осындай қадамға барса, біз оларға бұрын ешқашан болмаған оларға жойқын күшпен соққы жасаймыз! Осы мәселеге назар аударғандарыңызға рақмет", – деп жазды Дональд Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында.