Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жұмыс орнында болған”. Иранды 37 жыл билеген Әли Хаменеидің қазасы ресми расталды

13:16, 01 наурыз 2026

Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің қаза тапқаны ресми түрде расталды. Бұл туралы Иранның мемлекеттік ақпарат агенттігі IRNA хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Ислам революциясының Ұлы жетекшісі, мәртебелі аятолла Хаменеи сенбі, 28 ақпан күні таңертең жасалған шабуыл салдарынан шейіт болды”, — делінген хабарламада.

Иран БАҚ-тарының хабарлауынша, ол қайтыс болған сәтінде қызметтік міндеттерін орындап, жұмыс орнында болған.

Иран үкіметі ел бойынша 40 күндік жалпыұлттық аза жариялап, 7 күнді мемлекеттік демалыс күні деп белгіледі.

Әли Хаменеи 86 жаста болған. Ол Иранның Жоғарғы көшбасшысы қызметін 1989 жылдан бері атқарып келді. Бұған дейін сегіз жыл бойы ел президенті болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар