Ирандық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдің жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкиан Израиль авиациясының шабуылы кезінде қаза бола жаздаған, деп жазады Аlash.kz ұлттық порталы.
Ирандық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдің жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкиан Израиль авиациясының шабуылы кезінде қаза бола жаздаған. Оқиға 16 маусымда, Таяу Шығыстағы қақтығыс өрши түскен тұста орын алған.
Fars агенттігінің мәліметінше, соғыс басталғаннан кейінгі үшінші күні Израиль ұшақтары Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіне қатысы бар нысанды нысанаға алған. Бомбалау салдарынан ғимараттағы жарық сөніп, төтенше отырыс өтіп жатқан кезде шенеуніктер, оның ішінде президенттің өзі де, шұғыл эвакуацияланған.
Жарылыстан бірнеше адам, соның ішінде Пезешкианның өзі де, аяқ-қол жарақатын алғаны хабарланды.
Президенттің айтуынша, шабуылдың нақты орналасқан жерді дәл көздеуі – Иран арнайы қызметінен ақпараттың сыртқа шығып кетуімен байланысты болуы мүмкін. Fars агенттігі ел ішінде бұл оқиғаға қатысты "шетелдік агенттің" араласуы мүмкін деген нұсқалар да қарастырылып жатқанын жазады.
Сонымен қатар, ирандық медиада шабуылдың салдарын көрсететін бейнематериал да жарияланды.
Видеода Тегеранның батысындағы тау баурайына жасалған соққының ізі байқалады – дәл осы маңда соққыға ұшыраған кешен орналасқан. Алайда әзірге бұл оқиғаға қатысты Израиль тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.