Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шетел азаматына қоқан-лоқы көрсеткен” - Алматы автобусындағы оқиға туралы тың ақпарат шықты (ВИДЕО)

15:34, 20 желтоқсан 2025

Алматыдағы қоғамдық көлікте шетелдік азаматқа қатысты қысым көрсету фактісі тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда ер адамның автобуста шетелдікті балағаттап, ұрып-соқпақ болғаны анық көрінеді. Жазбада агрессия көрсеткен ер адам ашуға беріліп, бейәдеп сөздермен қорқытып-үркіткен. Бір сәтте ол екі қолымен тұтқадан ұстап, шетелдік жолаушыны қос аяқпен тепкен. Қоғамдық көлікте отырған басқа жолаушылар араласып, жанжалдың одан әрі ушығуына жол бермеген.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Айта кетерлігі, әзірге жәбірленуші тараптан ресми арыз түспеген. Соған қарамастан, полиция қызметкерлері жанжалға қатысқан екі шетелдік азаматты да, оған күш қолданған ер адамды да анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға кезінде автобус жүргізушісі тәртіп бұзған жолаушыны көліктен түсіріп жіберген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар