Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шавкат Мирзиёев Түркістанға келді»: Өзбекстан басшысын Ерлан Қарин салтанатты түрде қарсы алды

12:47, 15 мамыр 2026

Түркі әлемінің рухани астанасына келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайында  Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен өңір басшысы Нұралхан Көшеров және өзге де ресми өкілдер салтанатты түрде қарсы алды, деп жазады Alash.kz.

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп, оған мүше елдердің басшылары аймақтық ынтымақтастықты нығайту үшін бас қосады. Жоғары деңгейдегі кездесу аясында тараптар бауырлас халықтардың мәдени-экономикалық байланыстарын дамыту мәселелерін талқылайды деп жоспарланған. Саммит "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбының аясында өтеді.

Ресми іс-шаралардан бөлек, мәртебелі меймандар мен делегация мүшелері Түркістанның көне жәдігерлерімен танысып, қаланың тарихи орындары мен мәдени нысандарын аралап көреді. Сапар бағдарламасы бойынша көне шаһардың туристік әлеуеті мен жаңарған келбетін таныстыруға арналған арнайы шаралар да қарастырылған.

Мұндай жоғары деңгейдегі кездесулер бауырлас елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа белеске көтеріп, Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен тату көршілікті нығайта түсетіні анық. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар