Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

16:23, 14 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына қатысты, деп жазады Alash.KZ🟦

Газиантеп провинциясының Нурдагы қаласында орналасқан заманауи білім ошағында 32 бастауыш және 4 мектепке дейінгі сынып қарастырылған. Ғимараттың жалпы ауданы – 6 мың шаршы метр.🟦

Білім беру кешені мамандандырылған оқу кабинеттерімен, зертханалармен, мәжіліс залымен, кітапханамен жабдықталған.🟦

Мектеп аумағында амфитеатр, спорт және балалар ойын алаңдары мен қазақтың ұлттық киіз үйі стилінде жасалған шатырлар бар.🟦

Құрылыс барысында жоба Түркияның қауіпсіздік талаптары мен қазіргі нормаларына сай жетілдіріліп отырды.🟦

Өңірдің ерекшелігіне бейімделген инженерлік шешімдер арқылы сейсмикалық қауіпсіздік, ылғалдан сақтау және жылу үнемдеу жүйелері қолданылды.🟦

2023 жылдың 6 ақпанындағы жойқын зілзаладан зардап шеккен өңірге арналған жаңа мектеп салу бастамасын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтергені белгілі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар