Ресейлік журналист пен депутаттар Ардақ Назаровтың анасын құттықтағанын талқылап жатыр, деп жазады Alash.KZ.
Ресейлік журналист Ксения Собчак Қазақстан Мәжілісінде болған оқиғаға назар аударды. 10 қыркүйекте депутат Ардақ Назаров ресми мінберде анасын 70 жасымен құттықтаған.
Оның бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Тіпті журналист Собчак Ресей Мемлекеттік думасы депутаттарының да пікірін сұрап көрді.
Комитет төрағасы Ярослав Нилов мұндай әрекеттің регламентке қайшы екенін айтты. Ал депутат Андрей Свинцов қазақстандық депутатты қолдады. Ол депутаттың да қарапайым адам екенін, егер ол жұмыс барысына кедергі келтірмесе, мұндай әрекетті қалыпты қабылдауға болатынын айтты.
Осылайша, Назаровтың құттықтауы Қазақстанда ғана емес, Ресейде де талқыланып отыр.
Ксения Собчак – Ресейдегі танымал тележүргізуші әрі журналист. Ол Қазақстанға қатысты жаңалықтарды тұрақты түрде көтеріп отырады. Бұған дейін ел парламентінің жұмысына байланысты пікір білдірген, сондай-ақ Астанаға арнайы келіп, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сот процесіне қатысқан.
Ресейлік журналист пен депутаттар Назаровтың анасына арнаған құттықтауын талқылады
«Тосын сый болды… Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын бөлісті
20:00, 14 қазан 2026
«Бірқатар тапсырма берді»: Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады
18:30, 14 қазан 2026
«Жабылып ұрып, оқ жаудырған»: Полиция Алматы облысындағы оқиға туралы мәлімдеді
16:13, 14 қазан 2026
«Шекарадан өткізбейді»: 2027 жылдан бастап шетелдіктер үшін маңызды өзгеріс енеді
15:53, 14 қазан 2026
«Жаңа награда мен құрметті атақ»: Құрылтай депутаттары маңызды заң жобасын қабылдады
15:14, 14 қазан 2026
Кадрлық ауыс-түйіс: ҚР Президентінің Іс басқармасы Аппаратының басшысы тағайындалды
15:02, 14 қазан 2026
«Мыңдаған азаматтың жеке деректері тарап кеткен»: Депутат қатаң талап қойды (ВИДЕО)
14:44, 14 қазан 2026
Кадрлық ауыс-түйіс: Атырау облысының Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды
11:18, 14 қазан 2026