Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Құмарға анасын тіккен": "Ойыншы" сериалынан кейін актер қандай оқиғалармен бетпе бет келді? (Видео)

18:26, 21 қазан 2024 842

Әлихан Кәрібаев «Ойыншы» сериалында құмар ойыншының рөлін сомдаған актер. Ол кино шыққаннан кейін көрермен оған басынан кешкен оқиғаларымен бөліскенін айтып берген, деп хабарлайды Alash.KZ NewTimes.kz сайтына сілтеп.

Оның айтуынша, сериал шыққаннан кейін күн сайын 60-80 адам оған әлеуметтік желіде жазып, өз өмірлеріндегі қиын жағдайларымен бөліскен.

«60 жастағы ер адам сериалды көріп, өзін танығанын айтты. Ол карталарда анасын ұттырғанын мойындады. Бар мүлкінен айырылған соң, тіпті анасын да "құлдыққа" тігіп жіберген, — деді актер YouTube-тегі «Пацанские истории» шоуында.

Кейбір пікір қалдырушылар бұл оқиғаға сенбесе де, басқалары өздерінің осындай ауыр оқиғаларын баяндады. Бір қыздың айтуынша, танысы жас әйелін бәске тігіп, бір апта бойы жеңген адамның қолында болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?