Қытайдың оңтүстігінде орналасқан Гуандун провинциясында автомагистраль опырылып құлады. Салдарынан он тоғыз адам қаза тапты,жарақаттанғандар да бар, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Апат салдарынан кемінде 19 адам опат болғаны хабарланды. Ал, 30 адам ауруханада жатыр.
Қайғылы жағдай бүгін Гуандун провинциясынан Фуцзянь провинциясына апаратын автожолда болды.
Үйінді астында 18 көлік қалғаны мәлім болды. Қытай телеарнасы көліктер табылғанын, 19 адам қаза тауып, 30 адам жараланғанын хабарлады. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханада жатыр, олардың өміріне айтарлықтай қауіп төніп тұрған жоқ.
Опырыла құлаған жолдың ұзындығы – 17,9 метр, ауданы – 184,3 шаршы метр.