Қытай Халық Республикасының солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында тас жол көпірінің бір бөлігі опырылды. Салдарынан жол үстіндегі 11 адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілетеме жасап Alash.KZ ұлттық порталы хабарлайды.
Көпірдің бұзылғанын табиғи апат салдарына балап:
«Чжашуй уезі Шанло қаласында орналасқан көпір жұма күні,кешкі сағат 20:40 шамасында, кенеттен жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан опырылып түсті», - деп хабарлады жергілікті билік өкілдері.
Сенбі күні таңертең құтқарушылар өзенге қарай құлаған бес көлікті тапты.Қазір құтқару жұмыстарының жалғасып жатқаны хабарланды.