Садыр Жапаровтың жиені Улан Жапаров ұсталып, қайта қамауға алынды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Олардың айтуынша, президенттің жиені Қырғызстан президентінің облыстардың бірінде өкілетті өкілі болуға уәде беріп, 100 мың доллардан астам сыйақы алған-мыс, бірақ ол уәдесін еш орындамағаны хабарланды.
Кейін оны Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері ұстаған.
Бішкектің Бірінші Май аудандық соты басылымға 2024 жылғы 21 маусымдағы сот қаулысымен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Бішкек бойынша тергеушісінің өтініші қанағаттандырылғанын хабарлады.
Еске сала кеетйік, Ұлан Жапаровқа қатысты 2024 жылдың 19 тамызына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бабы бойынша айып тағылып отыр.
2023 жылы Ұлан Жапаров қамауға алынған болатын. Ол сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Бірнеше ай қамауда болып, кейін бұлтартпау шарасымен мырзақамаққа ауыстырылды.
Сонымен қатар, 10 шілдеде Қырғызстанда мемлекет басшысының жиенінің күйеу жігіті ұсталды. Одан кейін президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов ұсталған азамат пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің жай-жапсары тергеу барысында анықталатынын айтты.