Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлихан Бөкейхан қазір тірі болса, Қазақстан президенті болар еді - алаштанушы (ВИДЕО)

14:26, 17 қараша 2025 184

“Әлихан Бөкейхан Қазақстан президенті болар еді”. Бұл туралы алаштанушы ғалым Елдос Тоқтарбай журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Журналисттің “Алаш зиялылары дәл қазір тірі болса, кім президент болатын еді?” деген сұрағына алаштанушы былай жауап берді:

“Әлихан Бөкейхан президент болатын еді. Әлихан сөзсіз сол кезде мойындалған лидер болды. Сөзсіз халықтың құрметіне, жоғары қошеметіне ие болды. Бағаланды. Әлиханға жазылған өлеңдердің бәрінде “Түймеге жарқылдаған алданбаған” деген жоғары баға беріледі. Әлихан дүние-мүлікке қызықпаған адам еді. Қазақты оятуға қызмет еткен адам. Әлиханды қазақ саяси көсем деп тану керек.  Ахметті ұлт ұстазы деп тану керек. Міржақыпты ұлттың идеологиясын жасаған азамат деп тану керек. Бізге бүгін осы тұлғалар керек”,- деді Елдос Тоқтарбай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар