Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанның барлық аймағында су тасқыны тоқтады

05 маусым 2024 292

Министрлік жаз шыққанда жақсы жаңалықты сүйіншілнді. Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды. Ал, қоймаларда жиналған қарғын су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберілмек, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Министрлік бүгінгі күнгі су қоймалардағы жағдай жайлы хабарлады. Көрсеткіштерге назар салсақ, тасқын судың сабасына түскені аңдалады. 

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 87%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 99%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 89,8%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 87,8%-ға толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99,5%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 91%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі, - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?