Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақстанға экстрадициялау мүмкін болмай қалады" - Мәсімовтің көмекшісі Дубайдан қымбат пәтер мен АҚШ азаматтығына жол ашатын құжат алған

16:20, 25 қыркүйек 2025 1618
 

Отанына опасыздық жасап ұзақ жылға сотталған Кәрім Мәсімовтің бұрынғы сенімді адамы әрі көмекшісі болған Айгүл Нұриева Дубайда құны миллиардтаған теңгеге бағаланатын пентхаусқа иелік ететіні анықталды.

Сонымен қатар, ол Тынық мұхитының ортасындағы Американ Самоасынан ықтиярхат алған. Бұл құжат оған АҚШ азаматтығын алу мүмкіндігін береді, деп жазады Alash.KZ сайты Dalanews.kz порталына сілтеме жасап.

Жаңа мәліметтерге қарағанда, Нұриеваның аты Palm Jumeirah ауданындағы Al Dabas тұрғын үй кешеніндегі екі қабатты пентхаусқа қатысты базада тіркелген. Бұл аймақта қазақстандық элита өкілдері көптен бері жылжымайтын мүлік сатып алып келеді. Назарбаевқа жақын тұлғалар мен бұрынғы премьер-министрлер Серік Ахметов пен Асқар Маминнің туыстары да осында қоныстанған. Нұриеваның пәтерінің аумағы 490 шаршы метр. Онда төрт жатын бөлме, бірнеше қонақ бөлме, жеті жуыну бөлмесі, үлкен асхана және қызметшілерге арналған бөлме бар. Қазіргі бағасы шамамен 14,5 млн дирхам немесе 2,2 млрд теңге.

"Выход к морю" телеграм арнасының жазуынша, Айгүл Нұриева 2000-жылдардың ортасында Назарбаевтар әулетімен байланысты компанияларда қызмет еткен. Аз уақыт ішінде «Қазақтелеком» мен «Қазкоммерцбанк» секілді ірі активтердің үлесіне ие болып, байлығы шамамен 1 млрд доллар деп бағаланған.

Соған қарамастан, ол ұзақ жылдар бойы Кәрім Мәсімовтің көмекшісі болып қала берді. Оның мүддесін қорғаумен қатар, жеке шаруаларын да атқарып отырған.

Нұриева бірнеше даулы келісімдерде аты аталды. Соның ішінде «Қазақтелекомның» «GSM Қазақстан» (Kcell) үлесін TeliaSonera компаниясына 1,5 млрд долларға сатуы ерекше назар аудартты. Кейін Kcell Лондон биржасына әлдеқайда төмен бағамен шықты.

Сарапшылардың пайымдауынша, бағадағы айырмашылық Мәсімов пен оның сенімді адамдарына пайда әкелген болуы мүмкін.

Қазақстаннан шығарылған қаражатқа Нұриева әлемнің түкпір-түкпірінен жылжымайтын мүлік сатып алды. Ұлыбритания, Франция мен Гонконгта ол өз атымен де, бұрынғы күйеуі Ғафур Ихсанның атымен де пәтерлер мен виллалар иеленген. Бұл мүліктердің жалпы құны 90 млн доллардан асады. Оның қаржылық белсенділігі Ұлыбританияда құқық қорғау органдарының назарына ілікті.

Айгүл Нұриева әрдайым қосымша жоспарға ие болып келді. Қазақстан азаматтығымен қатар, ол Кипрдің паспортын, Ұлыбритания мен Гонконгтағы ықтиярхаттарды рәсімдеген. Соңғы құжаттардың ішінде Американ Самоасының резиденттік куәлігі де бар екені белгілі болды. Бұл құжат салықтық жеңілдіктермен қатар АҚШ азаматтығына апаратын жол ашады. Егер Нұриева азаматтық алып үлгерсе, оны Қазақстанға экстрадициялау мүмкін болмай қалады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан Алматыға келді

10:27, 25 қыркүйек 2025 144